Воскресенье, 20.07.2025, 23:33
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт-портфолио Уристимовой Бахтигуль

Категории раздела
Наш опрос
Как звали Сейфуллина?
Всего ответов: 197
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Диктант «Орман»(Ж.С. Қалиева «Бақылау диктанттары» 191-бет)
ІІ. Сабақтың мақсатын айту. 1. Диктант мәтінімен таныстыру. 2. Диктантты жаздыру. Орман Табиғат сәні – орман-тоғайлар. Адам өмірінде орманның маңызы зор. Олардың маңызы тек құрылыс материалдарымен шектеліп қалмайды. Орман – өзен мен көлдердегі судың мөлшерін реттеп отырушы. Ондағы өсімдіктер топырақтарды ретсіз бұзылуынан және бүлініп кетуінен сақтайды. Орманның тазалық және тәрбиелік мәні де зор. Сонымен бірге аң мен құстардың таңдаулы мекені. Қалада және ауылды жерлерде, жол бойында, су қоймаларының жиегінде отырғызылған жасыл желекті орман алқаптары елді мекенге көрік беріп қана қоймай, олар ауаны түрлі газ, шаң-тозаңнан сақтайды. Жасыл желек көп болса, денсаулыққа да жақсы, өсімдікке ықпалы зор. Табиғи орман, тоғайлар, қолдан отырғызылған орман алқаптары, жол бойындағы, көшелердегі жасыл ағаштар мен алуан түрлі гүлді өсімдіктер – осылардың бәрі де біздің жасыл достарымыз, жасыл сақшылар. Сондықтан әрбір оқушының ағаштарды мұқият сақтап, оны ретсіз сындырушыларға жол бермей, табиғатты қорғауға белсене қатыса білуі шарт. (129 сөз) 3. Диктантты қайталап оқу. Үй тапсырмасы: Сөздікті жаттау, өтініш пен арыз туралы білу, әр түрлі себепке байланысты өтініш жазып келу.
Категория: Мои статьи | Добавил: БахаБаха (19.11.2011)
Просмотров: 11311 | Рейтинг: 3.1/7
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск

Уристимова Б.К. © 2025
Бесплатный конструктор сайтовuCoz