ІІІ. Жаңа сабақ. Жеделхаттар.Жарнама. Жеделхаттар (Телеграмма) ЖЕДЕЛХАТ (телеграмма) Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын, шұғыл (срочные) мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат. Сөздік жұмысы Жеделхат-телеграмма Өкіметтік-правительственная Жедел, шұғыл-срочная жай-обычная Хабарламалық сипаттағы- в виде сообщения Жолдау-посылать (телеграмму) Жіберуші-отправитель Алушы-получатель Расталады-подтверждается Қатаң сақталады-строго соблюдается Түзетусіз-без исправления Жеделхаттың ерекшеліктері: Ø мекеменің кез келген қызметкерінің жіберуіне мүмкіндік болады; Ø формальды түзетулердің (виза қою, келісу, корректуралау, редакциялау) қажеттігі жоқ; Ø жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан жіберуші мен алушы туралы мәлімет нақты қамтылады; Ø қажет жағдайда жеделхат мәтіні расталады; Ø жеделхаттар тез жеткізіледі; Ø жеделхат басқа байланыс түрлерінен (интернет, факс) арзан, сенімді. Жеделхатты жазу талаптары : q мәтін қысқа (ең ұзағы 300 сөз), анық, түсінікті болуы тиіс; q мәтінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды; q кейбір сөздерді қысқартуға болады; q цифрлар жазбаша беріледі (мысалы: 10137-бір нөл бір үш, жеті); q жеделхат құрылымы (алушы мекен-жайы, мәтін, жіберуші мекен-жайы) қатаң сақталады; q жеделхат мәтіні қатесіз, түзетусіз болуы тиіс. Жеделхат 2-ге бөлінеді: ішкі (мемлекет ішіндегі) және халықаралық (шетелдерге жіберілетін). Ішкі жеделхат түрлері: өкіметтік, жедел, жай. Жеделхаттың реквизиттері: 1. Сызықтың жоғары жағына жазылып, ақша төленетін формулярдағы бөлігінде: v түрі, категориясы; v номері, датасы, жіберілген уақыты; v алушының аты, адресі, мәтіні, қолы. 2. Сызықтың сыртына жазылып, ақша төленбейтін бөлігінде: v - жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі; v - датасы; v автордың мекен-жайы. Ескерту: Егер жеделхат телефон арқылы жіберілсе, оны кім қабылдағанын, жұмыс телефонын, қызметін жазып алыңыз. Телефонхат (Телефонограмма) Телефонограмма — телефон арқылы телефонограмма, радиограмма ретінде жеткізілетін жедел сипаттағы құжат, • Телефонограмма формуляры: жіберілген хабардың аты, нөмірі, жіберілген күні және қабылданган уақыты жөніндегі мәлімет, байланыс жүйесін іске асырган адамның аты-жөні, телефон я радио нөмірі. Үлгі Телефонограмма. 12.05.2010 № 24. Шығармашылық ұйымдардың жетекшілеріне. 14 маусым күні сагат 1100-де Республика сарайында Республикадағы шығармашылық ұйымдар жетекшілерінің Халықаралық конкурсқа кандидатуралар дайындау жөнінде бас қосуы болады. Кол қойган: Республикалық шығармашылық ұйымдар бірлестігі ақпарат бөлімінің бастығы Н.А.Абрамов Жіберген: хатшы Г.Бейсембаева 12.07.2000 куні сағат 12-де қабылдап алған Г.Әшімова. ІІІ. Бағалау. ІҮ. Үйге: Жеделхат, телефонограмма туралы айтып беру.