Суббота, 23.11.2024, 13:36
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт-портфолио Уристимовой Бахтигуль

Категории раздела
доклад"ШƏКƏРІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ ЗЕРТТЕУІНДЕ" [0]
Қазақ əдебиеті мен мəдениетінде келер ұрпаққа тағылымды терең із қалдырған педагог-ұстаз, ғалым, əдебиетті зерттеуші Қайым Мұхамедханұлы. Əкесі Мұхамедхан Сейітқұловтың үйі жергілікті оқымыстылар мен зиялы қауымның жиналатын үйі болған. Қайым өзінің əкесінің қасында Ə. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, К. Жанатаев, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, М. Дулатов секілді ірі тұлғаларды көріп өсті жəне солар туралы кейіннен ірі-ірі мақалалар жазды. Сонымен қатар, Абайдың шəкірті Шəкəрім Құдайбердіұлы туралы зор мазмұнды, ғылыми жəне сыни бағытта өз артынан мол мұраларын қалдырды. Оған дəлел ретінде, Ғаббас Қабышұлының пікірін еске түсірейік: Шəкəрім шығармаларының дұрыс шықпай жүргені туралы қаншама күйіп-жанып мақала жазды. Кейінгі əдеби шығармалары жастарға үлгі деп ойлаймын. Абайтануға, Шəкəрімтануға, одан кейін Мұхтар Əуезовтың жазушы аға, əдеби зерттеу еңбегі туралы Қайым аға көп жазған мақалалары бар. Соның барлығын құрастыра қарасаң, Қайым ағаның құдай-ау, осынша дүние жазуға қаншама уақыт та...
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылығын арт [1]
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру – мемлекетіміздің стратегиясы. Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйесіне кіріктіру және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелерді еңгізу– жаңа заман талабы. Өйткені, ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Сондықтан дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады.Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттілікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Ғылыми зерттеулерде баланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтыны дәлелденген. Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі. Ал...
ӘБДІЖӘМІЛ НҰРПЕЙІСОВТЫң «ҚАН МЕН ТЕР» РОМАНЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ-САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ [3]
«Қан мен тер» трилогиясының сюжеттік – композициялық желілері де бір бағытта өрістенгенімен, авторлық, лирикалық шегіністер роман оқығаларын жаңа сапалармен толықтырады, қаһарманның есею үрдісін ашатын белгілі әрекеттердің психологиялық дәлелдемесін дайындаушы мәнді детальдар қызметінде жүреді. Бұл орайда «Қан мен тер», «Ботакөз», «Тоқаш Бокин», «Жолдастар», «Өмір мектебі», «Ақ Жайықтағы» тәрізді алма кезектесіп отыратын, бір тартыстың орнына, екінші қақтығыстар арқауымен күрмей байлап, ілестіре дамытып отыратын күрделі композицияға құрылғаны аңғарылады. «Қан мен терде» - ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылы, революциялық дәуірдің дүмпуі, сілкіне де бұлқына бастаған Арал өңірі, революция рухымен ояна бастаған, таптық күреске аттана бастаған қазақ халқы. Қазақ халқының революцияға келу жолын, ұлы өзгеріске араласуын әр жағынан бейнелеуде. Мәселе оқиғалардың көңіл - күйінің, жан дүниесінің бүтіндей тарихи өзгеріске түсуін бейнелеуде. Осы тұрғыдан Еркебұлан (Ғ.Мүсірепов, «Кездеспей кеткен бір ...
Нарманбет Орманбетұлы. Өмірі мен шығармашылығы (1859-1918) [1]
Ақын Қарқаралы өлкесінде туды.Ол жасынан мұсылманша оқыды, кейіннен Қарқаралыдағы орыс – қазақ мектебінде білім алды. Ел ішіне атағы жайылған айтулы шешен атанады.Ел ісіне араласып, 1917-1918 жылдары Қарқаралыдағы уездік соттың төрағасы болады. Нарманбет мұраларында негізінен заман шындығы, қоғамдық өмірдегі қайшылықтар, әлеуметтік теңсіздік мәселелері жырланған.Олардан шыншылдық дәстүріне сай шынайылық пен өткір сыншылдық айқын аңғарылады. «Кер заман», «Сарыарқа», «Сарыарқа сайран жерім - ай» және тағы басқа да өлеңдерінде шындықты көркем бейнелеудегі шеберлігі, ой тереңдігін, сыншылдық күш – қуаты ерекше көрінеді. Сонымен қатар өлеңдерінде халықты білім алуға, ғылым үйренуге үндеді. Артта қалушылықтың басты себебі – сауатсыздық, білімсіздік екенін әшкереледі. І топ Өмір жолы ІІ топ Шығармашылығы Ғылым туралы”, “Жігерсіз болса, ақыл тұл” өлеңдерін талдау
Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин. [1]
Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушы болып табылады. Ы.Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде, дүниеге келген. Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде өседі. Үміт еткен көзімнің нұры балам, Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам. Атаң мұнда анаңмен есен –аман Сүйініп сәлем жазды бүгін саған... деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді. 19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы демократы Ы. Алтынсарин. Ол қазақ жастарын оқыту халықты сауатандыру саласында балаларға жазба әдебиетінің негізінде зор педагог. Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы –педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің Қазақ балалар «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады. Оқысаңдар, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей...
Ілияс Жансүгіровтың "Күйші" поэмасы [1]
Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген "Әнші" өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы "Күйші" мен "Құлагер" сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды. Ілиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла бір, құйқылжыта, нөсерлете бір жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі - өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты. Поэмаға өзек болған негізгі идея - қазақ халқының тоқсан тарау, ...
Наш опрос
покажите фото БЕИМБЕТА МАЙЛИНА
Всего ответов: 169
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Каталог файлов

Главная » Файлы » Ілияс Жансүгіровтың "Күйші" поэмасы

В категории материалов: 1
Показано материалов: 1-1

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
І.Жансүгіровтың "Күйші" поэмасы  туралы
Ілияс Жансүгіровтың "Күйші" поэмасы | Просмотров: 3414 | Загрузок: 0 | Добавил: БахаБаха | Дата: 28.11.2011 | Комментарии (1)

Поиск

Уристимова Б.К. © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz